Жарияланды: 350

Жамбыл облысында автобус пен бензовоз соқтығысты, зардап шеккендер бар

Бүгін, түнгі сағат 04.20-да Жамбыл облысының Меркі ауданында «Меркі-Шу-Бұрылбайтал» тас жолының 61-шақырымында

«Сарыағаш-Алматы» бағытымен бет алған «Сетра» жолаушылар автобусы (ішінде 18 адам болған) мен жолдың жиегінде тұрған «Мерседес» (бензовоз) жүк көлігі соқтығысты. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады. Жол-көлік апатының салдарынан бензовоз аударылып, 12 тонна жанар-жағармай сыртқа төгілді. Абырой болғанда, өрт болмады. Автобустың 21 және 41 жастағы жолаушылары түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін