Жамбыл облысында автобус пен бензовоз соқтығысты, зардап шеккендер бар - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында автобус пен бензовоз соқтығысты, зардап шеккендер бар

Жамбыл облысында автобус пен бензовоз соқтығысты, зардап шеккендер бар

Бүгін, түнгі сағат 04.20-да Жамбыл облысының Меркі ауданында «Меркі-Шу-Бұрылбайтал» тас жолының 61-шақырымында

  • 23 Қараша 2012
  • 338
Фото - Caravan.kz


«Сарыағаш-Алматы» бағытымен бет алған «Сетра» жолаушылар автобусы (ішінде 18 адам болған) мен жолдың жиегінде тұрған «Мерседес» (бензовоз) жүк көлігі соқтығысты.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жол-көлік апатының салдарынан бензовоз аударылып, 12 тонна жанар-жағармай сыртқа төгілді. Абырой болғанда, өрт болмады. Автобустың 21 және 41 жастағы жолаушылары түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.