Жарияланды: 310

Жамбыл облысында автобуста 8 мигрант көліктің жүк салғышында келе жатқан

Жамбыл облысының жол полициясы Алматы-Астана тас жолында ұстаған автобуста Оңтүстік Қазақстаннан 8 еңбек мигранты автобустың жүк салғышында бара жатыпты.

«Алматы-Астана тас жолының 406-шы шақырымында Оңтүстік Қазақстан облысының автобусы тоқтатылып, онда нормадан тыс 42 жолаушы болып, ал олардың 8-і жүк салғышында бара жатыпты. Олар Ресей Федерациясына жұмысқа бара жатқан», - деп агенттікке облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Роза Қалдыбекова мәлім етті. Ол жолаушыларды автобуспен нормадан тыс алып жүру фактісі маусымның 3-5 аралығында жүргізілген «Қауіпсіз жол» арнайы акциясы барысында анықталды дейді. «Автобус жүргізушісіне қатысты жолаушылар тасымалдау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалды», - дейді ведомство өкілі. Одан басқа, полицейлік арнайы шара барысында ЖЖЕ-ні бұзудың 2 мыңнан астам фактісі анықталып, оның ішінде көлікті мас күйінде басқарудың 74 фактісі анықталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін