Жамбыл облысында автокөліктің отарбамен соқтығысуы салдарынан 3 адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында автокөліктің отарбамен соқтығысуы салдарынан 3 адам мерт болды

Жамбыл облысында автокөліктің отарбамен соқтығысуы салдарынан 3 адам мерт болды

Жамбыл облысында "ВАЗ-2107" автокөлігінің жүк таситын отарбамен соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тауып, тағы екі адам әртүрлі дәрежелі жарақаттармен ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 4 Тамыз 2003
  • 451
Фото - Caravan.kz

Жол апаты Мәскеу-Алматы бағытындағы темір жолдың 429-шақырымындағы қорғалмайтын өткелегінде болды. «Жигули» жүргізушісі «Құмшағал-Түлкібас» бағытындағы отарбамен соқтығысып қалған. Апат салдарынан автокөлікте отырған үш жолаушы мерт болып, жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханаға түсті.

Соңғы жаңалықтар