Жамбыл облысында билік өкілдеріне қарсы тіл тигізу мен күш қолданғандары үшін 18 іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
	

Жамбыл облысында билік өкілдеріне қарсы тіл тигізу мен күш қолданғандары үшін 18 іс қозғалды

Жамбыл облысында билік өкілдеріне қарсы тіл тигізу мен күш қолданғандары үшін 18 іс қозғалды

Жамбыл облысында билік өкілдеріне қарсы тіл тигізу мен күш қолданғандары үшін 18 іс қозғалды,

  • 13 Маусым 2011
  • 395
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Мамыр айының соңғы күндерінің бірінде Жаңатас қаласының үш жас тұрғыны Тараз қаласының 7-мөлтекауданындағы жалдамалы пәтерде мектепті бітіргендеріне бес жыл толуын атап өтпек болған. Көңіл көтеру аулада жалғасып, арты төбелеспен аяқталған. Сыныптас достар көршілері мен тұрғындардың ескертулеріне ден қоймаған. Шақыру бойынша арнайы автокөлікпен келген полицейлер жастарға тынышталып, полицей бөліміне жүруді ұсынған. Масайған бұзақылар полицей бөліміне барудан бас тартып, екі полицейге тап беріп, олардың киімдерін бүлдірген.

Жамбыл облысы ІІД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Серік Пешековтің сөзіне қарағанда, билік өкіліне қатысты өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілер қоғамдық тәртіпті бұзғандары мен билік өкілдеріне күш қолданғандарын мойындаған. Сотпен оларға үйде қамап ұстау бұлтартпау шарасы қолданылған.

Үш бұзақы мас күйде бола тұра, тәртіп сақшыларының қызметтік міндеттерін атқару үстінде жүргендерін түсіне тұрып, өмірі мен денсаулықтарына қауіпті емес дене жарақаттарын қасақана келтірген. Оларға алдын ала сөз байласым бойынша топ адамдармен бұзақылық жасаған деген айып тағылған. Ұсталғандардың іс-әрекеттері орта деңгей ауыртпалығындағы қылмыс санатына жатқызылып, санаты бойынша бес жыл бас бостандығынан айыруға жатады. Олардың кінәсі бойынша барлық дәлелдер мен СМС қорытындысы жиналған, — дейді полиция полковнигі С.Пешеков.

Тергеушілердің мәліметтері бойынша, билік өкілдерін қорлау дерегі бойынша төрт қылмыстық іс қозғалып, соның үшеуі сотқа жолданған. Өткен жылдың бес айына осындай әрекеттер үшін екі қылмыстық іс қозғалған.

Билік өкілдеріне күш қолданған деректер бойынша 2011 жылы 14 қылмыстық іс қозғалып, жетеуі аяқталып, алты іс бойынша жете тергеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылдың осындай кезеңінде 12 қылмыстық іс қозғалған.

«ІІД басшылығы осындай қылмыстардың, заңды және нысанды киімдегі тұлғаларды құрметтемеудің жолын одан әрі кесетін болады. Бұл қылмыстар азаматтарға, қоғамға, билік өкілдеріне ғана емес, ең алдымен мемлекет абыройына қауіп төндіреді. Сондықтан да ҚР заңнамасы бойынша қылмыстың бұл санаты басқару тәртібіне қарсы қылмыстарға жатады», деп қорытты С.Пешеков.