Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, «Наркощит» жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында жүргізілген шаралар барысында Шу-Құмөзек» бекетінің өткелінде Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғыны құрықталған. Полицейлердің айтуынша, еркек Шу жазығына есірткі үшін арнайы келгендігі белгілі болды.
«Ол бірнеше сағат ішінде 887 кг марихуананы шауып, кептіріп үлгерген»,- деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер. Олар сондай-ақ, «ұсталғанды тінту кезінде 0,2 гр канабис майы табылғандығын» айтып өтті. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті