Жамбыл облысында болған екі жол апатынан 5 адам мерт болып, 8 адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында болған екі жол апатынан 5 адам мерт болып, 8 адам жараланды

Жамбыл облысында болған екі жол апатынан 5 адам мерт болып, 8 адам жараланды

Кеше, 4-тамызда Жамбыл облысында болған екі жол апатынан 5 адам оқиға орнында мерт болып, 8 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Тамыз 2004
  • 365
Фото - Caravan.kz

Облыстың байзақ ауданында Алматы-Ташкент тас жолының 495 шақырымында «Нива» автокөлігінің жүргізушісі ішінде 22 жолаушысы бар «Мерседес» маркалы жеке меншік рейс автобусымен соқтығысып қалды. Апат салдарынан «Ниваның» жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында жан тәслім етті. Автобус жүргізушісі мен алты жолаушы Тараз қалалық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Қордай ауданында Алматы-Ташкент тас жолының 232 шақырымында «Ауди-100» автокөлігі «Зил-ММЗ» жүк көлігімен соғысып қалды. Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы мерт болып, тағы екі адам ауруханаға түсті.

Перейти к новостям спорта