Жамбыл облысында болған үш жол апатынан үш адам мерт болып, сегізі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында болған үш жол апатынан үш адам мерт болып, сегізі жараланды

Жамбыл облысында болған үш жол апатынан үш адам мерт болып, сегізі жараланды

Жамбыл облысында болған үш жол апатынан үш адам мерт болып, сегізі жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Тамыз 2005
  • 405
Фото - Caravan.kz

Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, Шу ауданында Аспара-Шу темір жол өткелегінің 3713-ші шақырымында 14-тамызда жүк поезы «БМВ» автокөлігімен соғысты. Апат салдарынан автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмса, жолаушысы ауруханаға жеткізу барысында жан тапсырды. Тағы үш жолаушы ауруханаға түсті.

15-тамызда Қордай ауданында Қордай-Шу автожолының 45-шақырымында «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай оны аударып алды. Соның салдарынан жүргізуші мен оның екі жолаушысы ауруханаға түсті.
Сонымен бірге 15-тамызда Алматы-Ташкент тас жолының 392-шақырымында «ВАЗ-2106» автокөлігінің аударылуы салдарынан бір жолаушы оқиға орнында мерт болып, жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Перейти к новостям спорта