Жамбыл облысында жезөкшелер үйін ұйымдастырып, жеңгетайлықпен айналысқан 50 жастағы әйел ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу шарасы аясында жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында клиенттерге ақша үшін қыздардың интимдік қызметі ұсынылған дәмхананы анықтады.
Ойын-сауық мекемесінің әкімшісі заңсыз әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікке ілінді.
"50 жастағы әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі "Жезөкшелікпен айналысуға арналған ұялар ұйымдастыру немесе ұстау" бойынша соталды тергеу басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, келу міндеттемесі бойынша қолма-қол ақша түріндегі заттай айғақтар мен ұялы телефондар тәркіленді", — делінген хабарламада.