Жамбыл облысында дауыл салдарынан 1 адам мерт болып, 30 адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында дауыл салдарынан 1 адам мерт болып, 30 адам жараланды

Жамбыл облысында дауыл салдарынан 1 адам мерт болып, 30 адам жараланды

Жамбыл облысында дауыл салдарынан 1 адам мерт болып, 30 адам жараланды. Бұл туралы бүгін, 19-сәуірде Таразда өткен баспасөз мәслихатында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы Станислав Макаров хабарлады.

  • 19 Сәуiр 2004
  • 477
Фото - Caravan.kz

Жамбыл облысында 18-сәуір, жексенбіде күшті дауыл тұрып, кей жерлерде, атап айтсақ, облыс орталығы мен Сарысу ауданында желдің жылдамдығы секундына 40 метрге дейін жетті. Ал Жуалы және Талас аудандарында дауыл қуаты бұдан сәл бәсеңдеу болған. Дауыл салдарынан электр жалғастыру желілері үзіліп, Жаңатас және Саудакент тұрғындары жарықсыз және ауыз сусыз қалды. Таразда жер үсті газ құбырларының ақауы салдарынан 16 газ тарату бөлімшесі мен бір су құбыры желісі істен шықты.

С.Макаровтың айтуынша, жедел жәрдем ауруханасы мен жарақат бөлімдеріне дауылдан зардап шеккен адамдар келіп түсе бастады. Атап айтсақ, 9 адам қол-аяғы сынып, 12 адам ішкі дене мүшелерінің ақауымен ауруханаға түссе, бірнеше адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, тұрғылықты жерлеріндегі емдеу мекемелеріне жіберілген. Сондай-ақ, 56 жастағы бір Тараздық әйел қаза тапты. Үстінен үйдің шатыры құлап жарақаттанған әйел ауруханаға жеткізу барысында жолай көз жұмған.
Қазір табиғи зілзала зардаптары нақтылану үстінде. Төмен кернеулі электр жалғастыру желілерін қалпына келтіру, үйлердің шатырлары, денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің ғимараттарын жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда.
Облыста төтенше жағдай жарияланды.

Соңғы жаңалықтар