Министрлік ақпаратына сәйкес, Сарысу ауданындағы дауыл 10-желтоқсанның 23 сағаты мен 11-желтоқсанның 15 сағат 30 минуты арасында созылған. Соның салдарынан 800 шаршы метр жұмсақ шатыр жабындылары мен 350 шифер бүлінді.
Алдын-ала есептелген материалдық шығын көлемі 415 мың теңге болды. Табиғи зілзаланың зардаптарын жою жөніндегі комиссияның жұмысы одан әрі жалғасуда. Жергілікті тіршілік қамтамасыздығы жүйелері толықтай қалыпты жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік.