Жамбыл облысында дрезина мен электровоздың соғысуы салдарынан төрт адам жарақаттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында дрезина мен электровоздың соғысуы салдарынан төрт адам жарақаттанды

Жамбыл облысында дрезина мен электровоздың соғысуы салдарынан төрт адам жарақаттанды

Жамбыл облысында Ала айғыр-Шешенқара өткелегі маңында (Шу-Отар станциясы учаскесі) дрезина мен электровоздың соғысуы салдарынан төрт адам жарақаттанды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Желтоқсан 2004
  • 377
Фото - Caravan.kz

Апат 29-желтоқсанда 12 сағат 18 минутта болған. Соғысу салдарынан дрезинаның жүргізушісі мен үш темір жол қызметкері ауруханаға түсті. Сондай-ақ, апатқа байланысты 62 вагоны бар жүк составының 4 бос цистернасы шойын жолдан шығып кетті.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратына сәйкес, қалпына келтіру жұмыстары 18 сағат 15 минутта аяқталды. Темір жол транспортының қозғалысы 19 сағатта қалпына келтірілді. Апат салдарын жоюға жөндеуге арналған поезд жұмылдырылды.

Перейти к новостям спорта