Жамбыл облысында дүлей дауылдан келген шығын өсіп барады
![]() |
Алдын ала есептеулер бойынша, Жамбыл облысында дүлей дауылдан келген шығынның көлемі 2,6 млрд. теңгеден астамды құрайды, деп хабарланды өңір әкімінің баспасөз қызметінен. |
Облыста зардап шеккен тұрғын үйлер, энергия, жылу және сумен қамту нысандарын, қоғамдық ғимараттарды тексеру бойынша жұмыс комиссиялары құрылды. Комиссиялар оқиға орындарында шығынды егжей-тегжейлі есептеуге кірісті, шығынның көлемі көрсетілген тиісті актілер дайындалуда.
16 қаңтардан бастап елді мекендердің әр үйін аралау басталады.
Онымен бірге, облыс әкімі облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығына қысқа уақытта зардап шеккен Қаратау және Жаңатас моноқалаларынан бөлек, Талас және Сарысу аудандарының елді мекендерін энергиямен, жылумен және сумен қамту бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды.
Сондай-ақ өңірлік төтенше жағдайдың зардаптарын жою үшін ҚР Үкіметінің резервінен қаражат алу бойынша жұмыстар атқарылуда, деп нақтылады баспасөз қызметінен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін