Жамбыл облысында электр жалғастыру желісіндегі апат салдарынан 2 мыңдай тұрғын жарықсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында электр жалғастыру желісіндегі апат салдарынан 2 мыңдай тұрғын жарықсыз қалды

Жамбыл облысында электр жалғастыру желісіндегі апат салдарынан 2 мыңдай тұрғын жарықсыз қалды

Жамбыл облысында электр жалғастыру желісіндегі апат салдарынан 1950 адам тұратын Талас ауданының тұрғындары жарықсыз қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Наурыз 2005
  • 375
Фото - Caravan.kz

Министрлік ақпаратына сәйкес, 16-наурызда 5 сағат 45 минутта тау өзенінің суы №23 бағанды шайып кеткен. Соның салдарынан Қаратау-1 және Майтөбе қосалқы станцияларының арасындағы желі үзілді. Майтөбе елді мекенінің 658, Қаратау ауылының 692, Билікөл елді мекенінің 600 тұрғыны тоқсыз қалды.

Апат орнына Тараз электр желісі орталық қызметінің тобы келді. Қалпына келтіру жұмыстары бүгін аяқталуы тиіс.

Перейти к новостям спорта