Мекеме ақпаратына сәйкес, 25-қазанда Алматы-Ташкент тас жолының 563-ші шақырымында 18 жолаушымен Тараз-Шымкент бағытында келе жатқан жеке меншік «Mercedes»шағын автобусы «ВАЗ-2109» автокөлігімен соқтығысып қалды.
Апат салдарынан «Mercedes»шағын автобусында отырған екі жолаушы, «ВАЗ-2109» автокөлігінің жолаушысы мен оның бір жолаушысы оқиға орнында жан тапсырып, «Mercedes»шағын автобусында отырған 7 жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Сонымен бірге мекеме ақпаратына сәйкес, Қордай ауданында Тараз-Алматы тас жолының 223-шақырымында 25-қазанда «Toyota»мен «ВАЗ-2106» автокөліктері соқтығысып қалды.
Апат салдарынан «ВАЗ-2106» автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында мерт болып, тағы екі жолаушы ауруханада қайтыс болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті