Жамбыл облысында есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен есірткі саудасымен  күрес басқармасының қызметкері ұсталды

Жамбыл облысында есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкері ұсталды

АСТАНА. 21-ақпан. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында есірткіні екінші айналымға салу арнасын ұйымдастырған деген күдікпен облыстық ІІД есірткі саудасымен күрес басқармасының бөлім бастығы ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Ақпан 2007
  • 399
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тәртіп сақшысын ҚР ҰҚК-нің Жамбыл облыстық департаментінің қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларының барысында ұстады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, одан 2 килограмм марихуана тәркіленген.

Бұл дерек бойынша ҰҚКД-нің тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті