Жамбыл облысында имам көршісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында имам көршісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді

Жамбыл облысында имам көршісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді

Полиция "Адам өлтіру" және "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

  • 20 Тамыз 2019
  • 116
Фото - Caravan.kz

Жамбыл облысында имам өзінің көршісін өлтірді. Ер адамның денесі қорада табылды, деп хабарлайды Sputniknews.kz КТК телеарнасы.

"Жамбыл облысының тұрғыны өзінің көршісін пышақтап өлтірді. Ер адам оқиға орнында көз жұмды", — деді Жамбыл ауданы полиция бөлімі тергеу жөніндегі басшысының орынбасары Дәулетжан Бектембаев.

Қылмыс жасаған соң имам өз-өзіне қол салған.

Қылмыстық кодекстің 99-шы бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру")  және 105-ші бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша қылмыстық іс қозғалған. 15 және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалған.


Полиция қылмыстың себебін нақтылаған жоқ. Имам көршісімен сөзге келіп, жүрегіне пышақ сұқты. Қарсыласы өлгенін көріп, өз-өзіне қол салған.

Екі ер адам да 51 жаста, бір сыныпта оқыған.

Ауыл тұрғындары имамды тек жақсы қырынан танитынын, алайда оның қызуқанды болғанын айтқан.

Соңғы жаңалықтар