Көрші Қырғыз елінің азаматы «Сыпатай» кеден бекеті арқылы 18 келі героинді алып өтпек болған. Ресейге бет алған қырғызстандықтың қылмысы иісшіл иттердің арқысында әшкереленді. Шекарашылардың қызметтік иті көліктің жанармай багындағы есіркіні бірден сезген. Тексере келе бак ішінен 18 дана полиэтилен пакетке қапталған героин табылды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.