Жамбыл облысында көлік қозғалысы үшін барлық жолдар мен өткелдер ашық
Жамбыл облысында көлік қозғалысы үшін Құйық және Шақпақ өткелдері ашық, деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша ТЖД. |
Жолдың нашар көрінунен, қатты бұрқасын мен көктайғақтың салдарынан 1 тәулікке жуық көліктің барлық түрлері үшін Жуалы ауданының республикалық маңызы бар «Алматы-Ташкент» тас жолының учаскесі - Құйық және Шақпақ өткелдері жабық болды. ЖПБ-ның «Айша-Бибі» қосынында 35 жолаушы автобус пен 100-ден астам жүк көлігі тұрып қалды. Сондай-ақ 23 көлік, 15 адам қар құрсауынан құтқарылып, қауіпсіз аймаққа көшірілді. Облыстық ТЖД-дан хабарланғандай, адамдардың өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысындағы барлық көлік жолдары мен өткелдер ашық. Құйық, Шақпақ, Қордай өткелдерінде қозғалысқа еш кедергі жоқ.
Төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған Жамбыл облысы бойынша ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ-нің 12 адамы мен 5 техникасы Таразға оралды, деп хабарлады облыстық ТЖД.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін