Қайғылы оқиға Жуалы ауданы Көктөбе ауылындағы бір жай үйде болған. Көмір жағатын пештің ақауы салдарынан төрт адам, соның ішінде 1 және 3 жастар шамасындағы екі бала көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды.
ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратына сәйкес, жалпы алғанда өткен тәулікте елімізде 12 адам көмірқышқыл газынан уланып, жеті адам қаза тапты.
Алматы қаласы Әуезов ауданында 16-17 жас аралығындағы төрт жасөспірім көмірқышқыл газынан уланды. Олардың біреуі қайтыс болып, үшеуі ауруханаға жатқызылды. Таразда көмірқышқыл газынан уланған 7 және 9 жастағы екі бала ауруханаға түсті.