Жамбыл облысында күн электр стансалары паркін құру және дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы көптарапты меморандум қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында күн электр стансалары паркін құру және дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы көптарапты меморандум қабылданды

Жамбыл облысында күн электр стансалары паркін құру және дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы көптарапты меморандум қабылданды

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «KEGOC» АҚ арасында Жамбыл облысында күн электр стансалары паркін құру және дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

  • 21 Қараша 2012
  • 373
Фото - Caravan.kz

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысының әкімдігі жобаға ұйымдастыру-техникалық қолдау көрсететін болады. «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы болса күн электр стансаларының негізгі құрамдас бөліктері — халықаралық сапа сертификаты талаптарына толық жауап бере алатын фотоэлектр модульдерін жасауды және оларды жеткізіп беруді қамтамасыз етеді. Ал «KEGOC» компаниясы электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттар алуға және жобаны жүзеге асыру барысындағы ұйымдастыру-техникалық шараларға көмек көрсетеді.

Отандық күн панельдері модульдерін пайдалана отырып, әрқайсының қуаты 20 МВт болатын бұл күн электр стансалары ел экономикасының дамуына өз үлесін қоспақ. Балама қуат көздеріне негізделген электр стансалары облыстағы электр энергиясы және қуаттарға болған тапшылықты жауып, қоршаған ортаның жақсаруына оң ықпалын тигізеді. Жалпы Жамбыл облысының табиғи-климаттық жағдайы жаңғырмалы қуат көздерін қолдану және күн электр стансаларын, жел қондырғыларын және шағын гидроэлектр стансаларын салу үшін айтарлықтай энергетикалық әлеуетке ие.