Жамбыл облысында мектеп өртеніп, бір мұғалім тірідей жанып кетті
|
Жамбыл облысында мектеп өртеніп, бір мұғалім тірідей жанып кетті. Тілсіз жау Шу ауданы Шоқпар теміржол бекетіндегі білім ошағын күлге айналдырды.
Өрт күндізгі сағат 4 шамасында, яғни сабақ уақытында басталған. Төтенше жағдайлар қызметі келгенше, 140 шәкірт қауіпсіз жерге шығарылып, ешкім зардап шеккен жоқ. Ал күшіне енген жалынды өздігімен сөндіруге шатырға шыққан сурет пәнінің ұстазы жерге түсе алмай, тірідей жанып кетті. Бақилық болған мұғалім Асхат Өксікбаевтың жасы 24-ке жаңа толыпты. Алғашқы болжам бойынша, өрт электр желілерінің тұйықталуынан тұтанған. Сондай-ақ, жанып кеткен ғимаратта өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмапты. Білім ошағының іргесі өткен ғасырдың 20-шы жылдары қаланған екен. Ал жүзден астам оқушы бүгіннен бастап мерзімінен бұрын қысқы демалысқа жіберілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін