Жамбыл облысында «Оңтүстік» аймақтық басшылықтың «Қаратау – 2011» әскери жаттығулары өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында «Оңтүстік» аймақтық басшылықтың «Қаратау – 2011» әскери жаттығулары өтті

Жамбыл облысында «Оңтүстік» аймақтық басшылықтың «Қаратау – 2011» әскери жаттығулары өтті

Жамбыл облысында «Оңтүстік» аймақтық басшылықтың, аэроұтқыр әскерлері мен әуе шабуылынан қорғаныс күштерінің «Қаратау – 2011» әскери жаттығулары өтті, деп бейсенбі күні ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Маусым 2011
  • 482
Фото - Caravan.kz

«Жаттығудың тақырыбы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери басқару органдары мен әскерлерін және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру. «Оңтүстік» әскерлерінің біріккен тобын құрып, оларды өрістету. Дағдарыс ауданында арнайы операциялар дайындап оны жүргізу деп аталады.

Бұл оқу-жаттығуларды өткізуде негізінен үш мақсат назарға алынды. Олар – Әскери басқару органдарының жауынгерлік барлау қимылдарын ұйымдастыру мен жүргізудегі тәжірибесін арттыру. Бөлімдер мен бөлімшелерді, шағын топтарды жауынгерлік шоғырландыру, көптарапты қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау. Жеке құрамды жеңіске жетелеу, олардың белсенділігі мен күш-жігерін шыңдау, төзімділікке дайындауды құрайды.

Аталған оқу-жаттығулары «Мәтібұлақ», «Мөңке», «Теріс Ащыбұлақ» полигондарында өтті. Даладағы әскери қимылдарға барлығы 3 мыңнан астам әскери қызметші қатысты. 600-ден астам бронды және автомобильді, отыздың үстінде авиациялық техника тартылды. Басқа әскерлер мен әскери құралымдар арасынан ҰҚК Шекара қызметінен 700, ІІМ Ішкі әскерлерінени 200 адам қатыстырылды. «Қаратау – 2011» оқу-жаттыуларына ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеев жетекшілік жасады.

Жаттығулар екі кезеңді құрады. «Оңтүстік» әскерлерінің тобын құру» деп аталатын бірінші кезеңде Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскерлері жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіріліп, жаттығу өтетін ауданға әскерлер қайта топталып, басқару органдарын шоғырландыру жүзеге асты.

Жаттығулардың жоспарына сәйкес екінші кезеңде біріккен топтардың жауынгерлік шоғырлануы жүргізілді. Шағын топтардың бұлайша орналасуы басқару органдарының дайындығына, бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігіне, артиллерияның тәжірибелік дайындығына және ұшқыштар мен инженерлік-техникалық құрамның дайындығына барынша мүмкіндік берді.

«Қаратау – 2011» тактикалық-арнайы жаттығуларында жеке құрамның алдына қойылған тапсырмалар тұтастай орындалды. Жаттығулар әскерлерді төмен қарқынды қақтығыс жағдайындағы жауынгерлік және арнайы іс-қимылдар жүргізуге дайындау нұсқаларын зерттеуге мүмкіндік берді. Жедел топтар бөлімдер мен бөлімшелерді топ-топпен өрістету барысында, жауынгерлік шоғырландыру кезеңінде мол тәжірибе жинақтады.

Осы жолы Әскери әуе күштері мен Құрлық әскерлерінің өзара іс-қимылы барынша тығыз байланыста болды. Ол авиацияның тәжірибе жүргізуі, десант түсіру, әскерлерді материалдық қамтамасыз ету мәселелері пысықталғанда анық байқалды.

Жеке құрам таулы аймақта жауынгерлік іс-қимылдар жүргізу арқылы тәжірибесін шыңдады. Жоспарланған жауынгерлік іс-шаралары толықтай орындалды, делінген ҚР ҚМ баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Соңғы жаңалықтар