Жамбыл облысында орман өртіне қарсы күреске шамамен 100 млн теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында орман өртіне қарсы күреске шамамен 100 млн теңге бөлінді

Жамбыл облысында орман өртіне қарсы күреске шамамен 100 млн теңге бөлінді

Жамбыл облысының билігі орман өрттеріне және аумақтың тақырланып кетуіне қарсы күреске 93,4 млн теңге бөлді, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 10 Маусым 2011
  • 471
Фото - Caravan.kz

«Биылғы жылы қосымша арнайы техника сатып алу үшін 62,4 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға өртке қарсы қолданылатын 14 тіркеме цистерна, жеті МТЗ-80 тракторы, екі УАЗ көлігі, алты ағаш отырғызу машинасы, 14 тіркеме агрегат сатып алынды. Жаңа техникаларды «Велес-Агро» өндірістік коммерциялық жекеменшік компания (Одесса) ұсынды», — дейді әкімдіктегілер.

Сонымен қатар, аумақтардың тақырға айналып, құлазуына және орман өрттеріне қарсы күрес жөніндегі басқа шараларға тағы 31 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға 18 өрт сөндіргіш машина, 23 трактор кезекшілігі ұйымдастырылды.
Барлық техника 110 тонна көлемде жанар-жағармаймен қамтамасыз етілді. Ормандарды өрттен қорғауға 237 орманшы, 42 орман шебері, 30 уақытқа өрт күзетшілері тартылған.
Қазіргі кезде облыста браконьерлерге қарсы күрес жұмысы жадануда. Бұл мақсатта облыс әкімінің тапсырмасымен жедел әрекет етуші арнайы жасақ құрылды. Бұл жасақ жыл басынан бері тиімді жұмыс жүргізіп келеді.
«130 хаттама толтырылды, оның 80-і ағашты заңсыз кесуге, 37-сі аңдарды заңсыз аулауға, 13-і балықты заңсыз аулауға қатысты болды. Сонымен қатар, сирек жануарларды аулаумен айналысқан браконьерлер жауапқа тартылды. Мәселен, Жуалы ауданында Қызыл кітапқа енген арқарды атқан азамат ұсталды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, браконьер шартты түрде 2 жылға сотталды», — дейді баспасөз қызметі.
Облыстық әкімдік мамандарының мәліметі бойынша, Жамбыл облысы орман қорының аумағы қазіргі кезде 4 млн 435 мың га құрайды. Облыста қоршаған ортаны, ормандар мен жануарлар әлемін күзету, қорғау, сақтау, көбейтумен 14 мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесі айналысады.
2008 және 2010 жылдар аралығында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша өңір аумағын көгалдандыру үшін облыс әкімдігі 17 МТЗ-80 трактор, 17 УАЗ — «Фермер» автокөлік, 2 Нива көлігін, 17 үш корпусты соқа сатып алуға 95 млн теңге бөлді.

Соңғы жаңалықтар