Жамбыл облысында орман және аң шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің директоры мен үш орманшысы жұмыстан қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында орман және аң шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің директоры мен үш орманшысы жұмыстан қуылды

Жамбыл облысында орман және аң шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің директоры мен үш орманшысы жұмыстан қуылды

Жамбыл облысында заңсыз сексеуіл қырққаны үшін Көктерек мемлекеттік орман және аң шаруашылығы мекемесінің директорын жұмыстан босатты, деп облыс прокурорының аға көмекшісі Олег Морозов мәлім етті.

  • 15 Шiлде 2011
  • 865
Фото - Caravan.kz

«Прокуратура ұсынысымен Мойынқұм ауданының Көктерек мемлекеттік орман және аң шаруашылығы мекемесінің директоры М. Әбдікерімов және сексеуіл орманын күзетпегені үшін, аталған мекеменің үш орманшысы жұмыстан қуылды», — деп бейсенбі күні О. Мороз мәлім етті.

Аталған шара мекеме жұмысын тексерген соң қабылданды.

«Алмалық орман шаруашылығының 8,9 және 15-ші кварталдарындағы сексеуіл алаңдарын тексеру барысында 7,2 га сексеуілдің заңсыз қырқылған фактісі анықталды. Бұл ретте орманшы Бугеева орман сексеуілдерінің заңсыз қырқылған бір де фактісін тіркемеген, бір де адам ұстамаған. Сондай-ақ Есжанов күзететін территорияда 10 га сексеуілдің заңсыз қырқылып, 20,3 м3сексеуіл әкетілгені анықталды», — деп хабарлады О. Мороз.

Ол аталған бұзушылықтар орман шаруашылығына қатысы бар мамандардың толығымен ешқандай әрекет танытпаған жағдайында орын алғанын атап көрсетті.

Ол сондай-ақ Таразды құм басуынан сақтап тұратын сексеуіл ормандарын бақылау облыс прокуратура басшылығының тікелей жеке бақылауында екенін атап көрсетті.

Сексеуіл орманының негізгі массасы шоғырланған Мойынқұм ауданында территорияны үнемі аспаннан ұшақпен бақылау арқасында, күндізгі уақытта орманның қырқылу фактісі едәуір азайды.

О. Мороздың айтуынша, бұл шаралар айтарлықтай нәтиже әкелді. «Биыл өткен аралықта 8 КамАЗ автокөлік заңсыз қырқылған сексеуілімен ұсталды», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар