Жамбыл облысында өткен демалыс күндері үш далалық өрт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында өткен демалыс күндері үш далалық өрт болды

Жамбыл облысында өткен демалыс күндері үш далалық өрт болды

Жамбыл облысында өткен демалыс күндері үш далалық өрт болды.

  • 7 Шiлде 2003
  • 397
Фото - Caravan.kz

5-маусымда түнгі 23 сағат 25 минутта Жуалы және Байзақ аудандарының шекаралас аймағында далалық өрт болды. Қазір өрт болған алқаптың аумағы анықталу үстінде. Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

Өртті сөндіруге 8 адам мен 3 техника жұмылдырылды.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы Шу ауданының Ауылпат учаскесінде, аудан орталығынан 80 шақырым жерде 6-маусымда сағат 16.00 шамасында тағы да далалық өрт тіркелді. От құшағына оранған алқаптың аумағы анықталу үстінде. Өртті сөндіруге орман шаруашылығынан 5 адам және 2 техника, ал өртке қарсы күрес қызметінен 5 адам мен 1 техника жұмылдырылды.
5-маусымда 10 сағат 30 минутта Жамбыл облысының Шу ауданы Сары құдық және Итемген учаскелерінде 1200 гектар алқапта далалық өрт шығып, ол 6 -маусымда 02 сағат 40 минутта сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға өртке қарсы күрес қызметінің 12 адамы мен 1 техникасы, ауданнан 32 адам мен 5 техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар