Жамбыл облысында қар қамауда қалған адамдар іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында қар қамауда қалған адамдар іздестірілуде

Жамбыл облысында қар қамауда қалған адамдар іздестірілуде

Жамбыл облысында жолдарды бойлай қар қамауда қалған адамдар іздестірілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан бүгін, 3-ақпанда хабарлады.

  • 3 Ақпан 2005
  • 402
Фото - Caravan.kz

Басқарма мәліметі бойынша, Байзақ ауданының Кеңес ауылынан жолға шыққан төрт таксидің жүргізушілері мен жолаушылары, сондай-ақ, ГАЗ-59 көлігінің жүргізушісі іздестірілуде.

Қазіргі жағдаймен жоғалғандарды іздеуге құтқарушылар тобы жіберілді.
Тараз қалалық әкімшілігінің ақпаратына сәйкес, облыс орталығында қардың көптігінен автотранспорт саласының жұмысында кідірістер пайда болды. Қаладағы жолаушы тасымалдаушы транспорттың 60 процентке жуығы ғана бүгін жұмысқа шықты.

Перейти к новостям спорта