Жамбыл облысында қарулы топтар арасындаы атыстан 3 адам опат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында қарулы топтар арасындаы атыстан 3 адам опат болды

Жамбыл облысында қарулы топтар арасындаы атыстан 3 адам опат болды

Жамбыл облысында елдің жағасын ұстатқан қанды оқиға орын алды. Қарақшы топтардың арасындағы қырғында 3 адам көз жұмып, төртеуі түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Қару қолданғандарға қатысты қандай да бір істің ашылғаны беймәлім, құзырлы орындар әзірге жақ ашпай отыр.

  • 19 Шiлде 2011
  • 498
Фото - Caravan.kz

Қанды оқиға өткен түні Алматы-Тараз тас жолында орын алды. Дәмхана алдында сөзге келіп қалған екі жақ дереу қаруға ұмтылған. Қарулы қақтығыс кезінде 1 адам оқиға орнында жан тәсілім етті. Тағы екеуі аудандық ауруханада көз жұмған. Қалғандары қазір ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 25 жастағы бойжеткен де бар. Ақпараттарға сүйенсек, жапа шеккендер 19 бен 25 жас арасындағы азаматтар. Дәрігерлер ауруханадағы әлі ес жимаған біреудің денсаулығына алаңдаулы.


Марат Жұманқұлов, Меркі аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері:

-Бір ауру жан сақтау бөлімінде жатыр. Операция жасалды. Төсінен жараланған. Шегі асқазанына зақым келген. 

Соңғы жаңалықтар