Жамбыл облысында қаржы полициясы органдарында тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны бір жарым есе өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында қаржы полициясы органдарында тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны бір жарым есе өсті

Жамбыл облысында қаржы полициясы органдарында тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны бір жарым есе өсті

ТАРАЗ. 29-қараша. Kazakhstan Today. Жамбыл облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті 2006-жылдың 10 айында сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қатысты 97 дерек тіркеді. Бұл былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 56,5 процентке артық. Бұл туралы облыстық қаржы полициясының бастығы Орынбай Әбдиев баспасөз мәслихатында құлағдар етті.

  • 29 Қараша 2006
  • 724
Фото - Caravan.kz

О.Әбдиевтің айтуынша, ауылдық округ әкімдері 18, сот үкімін орындатушылар 7, ішкі істер органдарының қызметкерлері 3, басқа да мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері 68, соның ішінде білім беру саласында 13, денсаулық сақтау саласында 15 қылмыс жасалды.

«Қаржы полициясы жұмысының бір басымдық берілген бағыты — мемлекеттік қызметкерлердің пара алу дерегін әшкерелеу»,- деді О.Әбдиев. Қазіргі жағдаймен Жамбыл ауданы Құмшағыл ауылдық округінің әкімі Гүлсара Әбуованың үстінен үкім шығарылды. Ол бір жергілікті тұрғыннан үй салуға жер телімін беру үшін 43 мың теңге бопсалаған. Бұрынғы әкім 5 жылға бас бостандығынан айрылды.

Осындай қылмысы үшін Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі С.Кембаев екі жылға бас еркінен айрылды. Ол 19 мың теңге көлемінде пара алған.

Сонымен бірге облыс әкімінің орынбасары Кеңесбек Демеш қызметтен босатылды. Оның жұбайы жер телімін заңсыз алған. Жер телімдерін бөлу жөніндегі комиссияның төрағасы — Тараз әкімінің орынбасары Ертарғын Астаев пен комиссия мүшелері тәртіптік жауапкершілік жүктеді.

«Қауіпсіздік кеңесінің шешімдерін орындау шеңберінде кеден мекемелерінің төрт қызметкерінің, медициналық мекемелердің екі басшысының, жол полициясы қызметкерінің, аудандық ІІБ-ның тергеушісінің үстінен пара алғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Тараз қалалық согтының үкіміне сәйкес облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры Қуат Құралбаев төрт жылға бас бостандығынан айрылып, жазаны жалпы тәртіптегі абақтыда өтейтін болды. Ол «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды бұзуға байланысты мемлекетке 70 млн. теңгенің шығыны келген»,- деді О.Әбдиев.

«Облыстық деңгейдегі тағы екі басшыға қатысты қылмыстық іс қозғалды: бір іс тексеріліп жатыр, екіншісі сотқа жолданды. Жалпы алғанда мемлекеттік сатып алу саласында 17 қылмыстық іс қозғалды. Оның 14-і сыбайлас жемқорлық қылмыстар»,- деді қаржы полициясының төрағасы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта