Жамбыл облысында қатаң тәртіптегі түрме қызметкері пара алу үстінде қолға түсті
Жамбыл облысы ІІД-нің қауіпсіздік басқармасы қатаң тәртіптегі колония қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғады. |
Облыстық прокуратура хабарламасына сүйенсек, ЖД-158/4 түзеу мекемесі жасағы басшысы «Л. Деген азаматшадан 150 мың теңге пара алу» барысында қолға түскен. Ол пара берушінің немересін шартты түрде мерзімінен бұрын еркіндікке шығаруы тиіс болатын.
Қазір ол тергеу изоляторына тоғытылды. Істі облыстық прокуратура жеке бақылауға алды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін