Жамбыл облысында қолдан жасалған он мыңдық купюраларды сатқан күдікті ұсталды
Тараз. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында қолдан жасалған он мың теңгелік купюраларды сатқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
"Жамбыл облысының Рысқұлов ауданы Құлан ауылындағы жанармай тарату станциясының қызметкерлері полицияға шағымданып, "Ауди-100" көлігімен оларға келген бір клиенттің жанармай үшін жалған ақшамен есептескеінн жеткізген. Тексерген кезде он мыңдық екі купюра расында да жалған болып шықты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Күдікті үш күннің ішінде ұсталды. Сарапшы-химиктердің тексеру нәтижесі шыққанға дейін ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 206-бабында қарастырылғанындай, 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал егер қылмысты ұйымдасқан топ жасағаны анықталса, мерзім үш есе ұлғайтылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін