Жамбыл облысында қолдан жасалған он мыңдық купюраларды сатқан күдікті ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында қолдан жасалған он мыңдық купюраларды сатқан күдікті ұсталды

Жамбыл облысында қолдан жасалған он мыңдық купюраларды сатқан күдікті ұсталды

Тараз. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында қолдан жасалған он мың теңгелік купюраларды сатқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 6 Қараша 2008
  • 441
Фото - Caravan.kz

«Жамбыл облысының Рысқұлов ауданы Құлан ауылындағы жанармай тарату станциясының қызметкерлері полицияға шағымданып, «Ауди-100″ көлігімен оларға келген бір клиенттің жанармай үшін жалған ақшамен есептескеінн жеткізген. Тексерген кезде он мыңдық екі купюра расында да жалған болып шықты», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Күдікті үш күннің ішінде ұсталды. Сарапшы-химиктердің тексеру нәтижесі шыққанға дейін ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 206-бабында қарастырылғанындай, 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал егер қылмысты ұйымдасқан топ жасағаны анықталса, мерзім үш есе ұлғайтылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар