Caravan Logo

Жамбыл облысында қолдан жасалған он мыңдық купюраларды сатқан күдікті ұсталды

Жамбыл облысында қолдан жасалған он мыңдық купюраларды сатқан күдікті ұсталды

"Жамбыл облысының Рысқұлов ауданы Құлан ауылындағы жанармай тарату станциясының қызметкерлері полицияға шағымданып, "Ауди-100" көлігімен оларға келген бір клиенттің жанармай үшін жалған ақшамен есептескеінн жеткізген. Тексерген кезде он мыңдық екі купюра расында да жалған болып шықты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Күдікті үш күннің ішінде ұсталды. Сарапшы-химиктердің тексеру нәтижесі шыққанға дейін ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 206-бабында қарастырылғанындай, 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал егер қылмысты ұйымдасқан топ жасағаны анықталса, мерзім үш есе ұлғайтылады.