Атап айтқанда, аталмыш іс-шараны жүргізу барысында Шу қаласында бұрын есірткі сатқаны үшін екі рет сотталған қала тұрғыны құрықталған. Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, одан 2 килограммнан астам героин тәркіленген. Ұсталған азаматшаның айтуынша, ол есірткіні Ресейге өткізбек болған. «Тәркіленген есірткінің бағасы 25 мың АҚШ долларын құрайды»,- деп атап өтті баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған азамат қолдан есірткі дайындағаны үшін ұсталды. Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, күдікті 30 кг марихуана мен 9 кг гашишті тығып қойған. «Ұсталған азамат бір килограмм гашишті еліміздің солтүстік облыстарында 30 мың теңгеден жоғары, ал бір килограмм марихуананы — небәрі 10 мың теңгеге сатпақ болған»,- деп түсіндірді баспасөз қызметінен.
Полицейлердің мәліметтері бойынша, жаңа жылдың небәрі бір жарым айында 35 есірткі сату дерегі, 4 контрабанда дерегі анықталып, 80 килограммнан астам есірткі, соның ішінде 9 килограммнан астам героин тәркіленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті