Жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлтық бюро облыстағы СҚЖД-нің аға тергеушісі Мақұлбек С. мырзаның алаяқтыққа қатысты тергеу жұмыстарының аяқталғанын хабарлады.
Хабарламада айтылғандай, тергеуші Мақұлбек Ж. есімді азаматтан өзінің қарауында жоқ қылмыстық істі тоқтату үшін 4 миллион теңге алған.
"6 маусымда Тараз қаласының № 2 сотының үкімімен тергеуші үш жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды. Сонымен қатар 6-класты біліктілік санаты алынып тасталды" — деп хабарлады ведомстводан.