Жамбыл облысында шекарашылар 1390 килограмм марихуана тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында шекарашылар 1390 килограмм марихуана тәркіледі

Жамбыл облысында шекарашылар 1390 килограмм марихуана тәркіледі

Алматы. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында өткен демалыс күндері шекарашылар Қазақстан азаматын ұстап, одан 1390 килограмм марихуана тәркіледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 29 Қыркүйек 2008
  • 314
Фото - Caravan.kz

Тараз шекара отрядының «Жауғаш батыр» шекара заставасы бөлігінде мемлекеттік шекара сызығынан бес шақырым жерде марихуана дайындап жүрген Жамбыл облысының тумасы ұсталды.

«Ол қарасора өсіру үшін Сарғау өзенінің арнасына таяу жердегі жыраны пайдаланған. Бұрын сотты болған жігіттен жаңадан орылған марихуана түптері, ору құралы, есірткілік затты кептіретін құрылғы тәркіленді. Марихуананың жалпы салмағы 1390 килограмм болды. Ұсталған Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлеріне табысталды», — сообщили в пресс-службе.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар