Есірткіні иісшіл ит тауып алды. Курьер есірткіні полиэтилен дорбаға салып, беліне байлап алған екен.
Сондай-ақ, өткен аптада Тараз шекара отрядының «Аспара» заставасында мемлекеттік шекарадан өткелек жоқ жерден өтуге талпыныс жасаған тағы бір Қырғызстан азаматы ұсталды. Тінту кезінде одан 8,1 кило марихуана тәркіленді.
Шығыс Қазақстан облысындағы «Ауыл» кеден бекетінде шекарашылар мен кеден қызметкерлері бірлесе отырып бағытты автобусты тексерген кезде Ресей азаматы ұсталып, одан 600 грамм марихуанасы бар бумалар алынды.
Аталмыш деректер бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.