Жамбыл облысында Тәжікстандық есірткі тасымалдаушылар 27 кило героинмен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында Тәжікстандық есірткі тасымалдаушылар  27 кило героинмен ұсталды

Жамбыл облысында Тәжікстандық есірткі тасымалдаушылар 27 кило героинмен ұсталды

Жамбыл облысы "Мерке" кеденінің қызметкерлері Бішкек-Мәскеу бағытындағы поезбен 26,8 кило героин алып өтпек болған Тәжікстанның 4 азаматшасын ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Жамбыл облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Маусым 2005
  • 439
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі тасымалдаушыларды 6-маусым, дүйсенбіде №17 поезға кедендік тексеру кезінде кеденшілер тобы ұстады. Есірткі қосалқы түбі бар сөмкеге жасырылыпты. Табылған героиннің жалпы салмағы 26,852 кило болды.

Департамент ақпаратына сәйкес, бұл — «Мерке» кеден бекетінің тарихында қолға түскен ең ауқымды есірткі партиясы.
Бұл дерекке сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің «Аса ірі көлемде есірткі сақтау және тасымалдау жөніндегі» 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта