Жамбыл облысында тікұшақ таумен соқтығысып, ұшқыш қаза тапты
Астана. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында тікұшақ таумен соқтығысып, ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
ТЖМ мәліметінше, 19 қазанда Жанақ шатқалында Көктөбе ауылынан 10 шақырым жерде, солтүстік-шығыс бағытта, Жамбыл облысының Қордай ауданында сағат 15.00-де РФ азаматы тізгінінде отырған тікұшақ "тұман кезінде таудың оң жақ баурайымен соқтығысты".
ТЖМ ақпаратына сәйкес, Sky Service АҚ-ына тиесілі EUROCOPTER EC 130B4 UNE3007 тікұшағы Қордай ауылы - Балқаш қаласы бағытында ұшып бара жатқан.
Оқыс оқиғаның салдарынан 40 жастағы ұшқыш оқиға орнында қаза тауып, оның жолаушысы - 39 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы "медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін