ТЖМ мәліметінше, 19 қазанда Жанақ шатқалында Көктөбе ауылынан 10 шақырым жерде, солтүстік-шығыс бағытта, Жамбыл облысының Қордай ауданында сағат 15.00-де РФ азаматы тізгінінде отырған тікұшақ «тұман кезінде таудың оң жақ баурайымен соқтығысты».
ТЖМ ақпаратына сәйкес, Sky Service АҚ-ына тиесілі EUROCOPTER EC 130B4 UNE3007 тікұшағы Қордай ауылы — Балқаш қаласы бағытында ұшып бара жатқан.
Оқыс оқиғаның салдарынан 40 жастағы ұшқыш оқиға орнында қаза тауып, оның жолаушысы — 39 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы «медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті