Жарияланды: 760

Жамбыл облысында трансшекаралық жолмен жұқпалы аурулар таралу қаупі бар - Төтенше жағдайлар департаменті

Тараз. 2 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті трансшекаралық жолмен жұқпалы аурулар таралу қаупіне алаңдаушылық білдіреді, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жұқпалы аурулар Шу өзенінің суы Қырғызстанның Чу облысының аумағындағы бейітті шайып кету қаупіне байланысты таралуы мүмкін, ол жерде өткен ғасырдың 30-шы жылдарында күйдіргі, тырысқақ, оба мен іш сүзегінен қайтыс болған адамдар жаппай жерленген", - деп хабарлайды департаменттегілер. Департамент басшылығының пікірінше, қауіптің алдын алу үшін Шу өзенінің сол жақ жағалауын бейіт маңында бекіту немесе бейітті басқа жерге көшіру қажет. Алайда, Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі қаржы жоқтықтан ондай жұмыстарды жүргізу мүмкін емес екендігін мәлімдеуде. "Проблема үкіметаралық деңгейде шешілуге тиіс. Қазақстанның мемлекеттік органдары, ҚР АШМ су ресурстары министрлігінің белсене қатысуынсыз бұл мәселені шешу қиын", - деп санайды Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть