Жамбыл облысында туберкулезбен ауру деңгейі жоғары - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында туберкулезбен ауру деңгейі жоғары

Жамбыл облысында туберкулезбен ауру деңгейі жоғары

Жамбыл облысында өкпе құрты (туберкулез) ауруымен ауру деңгейі өте жоғары болып қалып отыр, деп Жамбыл облысының прокуратурасының әлеуметтік – экономикалық саладағы заңдылықтардың орындалуын қадағалау басқармасының бастығы Ілияс Тойшыбеков мәлім етті.

  • 7 Маусым 2011
  • 843
Фото - Caravan.kz

«Ағымдағы жылы бірінші тоқсандағы көрсеткіш бойынша туберкулезбен ауырғандар есебінде 3 375 адам тіркеуде тұрып, олардың 1 648 адамы аурудың белсенді түрімен ауырса, олардың арасында жаңадан анықталғандары 235 науқас. 2010-шы жылы есепте 3 264 адам тұрған», — деп түсіндірді І. Тойшыбеков.

Оның айтуынша, 2008-2010-шы жылдарға туберкулезбен күрестің аймақтық бағдарламасына бюджет Т693,4 млн қаржы бөліп, бірақ тексеру көрсеткендей, бөлінген қаражатты пайдалану тиімсіз болыпты.

«Туберкулезге қарсы күрес бағдарламасы лайықты жүргізілген жоқ. Бөлінген қаражат тиімді пайдаланылған жоқ. Мысалы, бағдарламада қарастырылған туберкулезбен ауратын үнемі бацилло бөліп тұратындарды жеке баспанамен қамтамасыз ету орындалмаған», — деді І. Тойшыбеков.

Одан басқа бірқатар жыл бойына, туберкулезбен ауратындарға әлеуметтік көмек мәселесі шешілмеген, дейді ол.

«Балалар мен жас өспірімдердің ауру деңгейінің көрсеткішінің жоғарылығының негізгі себебі туберкулез ошақтарын жеткілікті түрде оқшаулау жоқтығы, оларды дер кезінде қосымша тексеруден өткізбегендігінен, ошақтардағы өкпе-тыныс алу жолдарын эпидемияға қарсы сауықтыру шараларының жеткіліксіздігі және жыл сайын тексеріліп тұруға жататын балалар мен жас өспірімдер арасындағы «теуекел» тобын сапасыз жинақтау, облыс бойынша туберкулез инфекциясының резервуарының үлкендігі», — деді прокурор.

Сондай-ақ тексеріс туберкулезге қарсы күрес мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуының нашарлығын көрсетті. Мысалы, облыстық туберкулезге қарсы диспансер – жоба бойынша 200 төсекке есептелген стационарда қазіргі уақытта 405 төсек орналастырылған, яғни «тығыздалған».

Одан басқа, туберкулезбен ауырғандарды мәжбүрлеп емдеу бөліміне негізсіз жіберуі, немесе мәжбүрлі емделу бөлімінен аса жұқпалы түріндегі туберкулезі барлардың қашып кетуі, онда ішімдіктер ішу фактілері анықталған, дейді І. Тойшыбеков.

Жамбыл облысында 5 тубдиспансер бар: облыстық туберкулезге қарсы диспансер, Жамбыл, Сарысу, Меркі және Жуалы аудандарындағы диспансерлер, сондай-ақ облыстық балалар туберкулез диспансері мен аудандық 6 аурухана бар.

Соңғы жаңалықтар