Жарияланды: 590

Жамбыл облысында туристік маусым ашылды

Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов атындағы ауданда Қара Арша тау шатқалында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған туристік маусымның салтанатты ашылуы өтті.

Бұл туралы облыстық туризм, спорт және дене шынықтыру басқармасынан хабарлады. Тараздық 70-тен астам оқушы таудағы жаяу туризм техникасы бойынша үшкүндік жарысқа қатысты. Олар шатыр құру, түрлі тәсілмен тау өзені арқылы өту, тауға көтерілу, «зардап шегушіні» тасымалдау, азимутты және топографиялық белгілерді анықтау дағдыларын көрсетті. Сондай-ақ «туристер қатарына қабылдау» рәсімі, фотосуреттер көрмесі және авторлық әндердің конкурсы ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша «Слоны» командасы үздік деп танылса, екінші орынды - №41 гимназия оқушыларынан жасақталған «Десантшы» командасы, ал үшінші орынды №13 мектеп оқушыларының «Эдельвейс» командасы иеленді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін