Шу ауданында Аспара-Шу өткелегінде 25-қыркүйекте 9 сағат 45 минутта реттелмейтін темір жол өткелегінде №2202 жүк поезы «ВАЗ-2107» автокөлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан автокөліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы жарақаттан оқиға орнында мерт болды. Темір жол составтаның қозғалысына кедергі келген жоқ.
Сол күні Тараз қаласында 10-шы ықшам ауданда «Мицубиси» автокөлігінің жүргізушісі «Мудан» автобусымен соқтығысып қалды. Жүргізуші мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапса, тағы екі жолаушы түрлі жарақатармен ауруханаға жатқызылды.
Сонымен бірге сарысу ауданында Саудакент-Шолаққорған тас жолының 12-шақырымында «ВАЗ-2107» автокөлігінің жүргізушісі «ВАЗ-2106» автокөлігімен соқтығысып қалды. Апат салдарынан «ВАЗ-2106» автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында мерт болса, жүргізуші мен тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті