Жамбыл облысында вагондардың шойын жолдан шығып кетуі салдарынан екі адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында вагондардың шойын жолдан шығып кетуі салдарынан екі адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды

Жамбыл облысында вагондардың шойын жолдан шығып кетуі салдарынан екі адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды

Жамбыл облысы Талас ауданындағы Ақтаутас-Бөген өткелегінің 6-шы шақырымында 19 жартылай вагонның шойын жолдан шығып кетуі салдарынан екі адам қаза тауып, екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға түссе, тағы да екі адам іздестіріліп жатыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Ақпан 2005
  • 515
Фото - Caravan.kz

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратына сәйкес, фосфор кенін тиеген жартылай вагондар тепловоздың тежегіш жүйесі істен шығу салдарынан жолдан шығып кеткен.

Тараз темір жол бекеті диспетчерінің хабарлауынша, тепловозда алты адам болған. Қаза тапқан бір әйел мен оқиға орнынан табылмаған екі адамның аты-жөні анықталу үстінде.

Перейти к новостям спорта