Жамбыл облысында жайран аулап жүрген табиғат қаскөйлері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында жайран аулап жүрген табиғат қаскөйлері ұсталды

Жамбыл облысында жайран аулап жүрген табиғат қаскөйлері ұсталды

Жамбыл облыстық орман және аң шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің облыстық қаржы полициясы департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген рейді нәтижесінде осындағы Шүй ауданы Қосқұдық орман шаруашылығы аумағында жайран аулап жүрген жергілікті 3 табиғат қаскөйі ұсталды. Бұл туралы бүгін, 4-тамызда орман және аң шаруашылығы жөніндегі Жамбыл аумақтық басқармасының бастығы Құсайын Бектұрғанов журналистерге хабарлады.

  • 4 Тамыз 2003
  • 925
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, браконьерлер қолынан екі ересек жайран мен екі жайран төлінің өлексесі тәркіленді. Сонымен бірге,табиғат қаскөйлері аңшылық жасауға тыйым салынған мерзімде (ақпан-қазан айлары аралығында) қоян атып жүрген.

Аңшылардың заңға қайшы әрекеттерінің салдарынан мемлекетке келген шығын көлемі тиісінше 1 млн. 46 мың және 13800 теңге деп бағалануда.
Басқарма бастығының айтуынша, қазір Жамбыл облысы аумағында небәрі 380 бас жайран қалған .
Ұсталған адамдардың үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 288-бабына (заңсыз аң аулау) және 290-бабына (жер бетінен жойылып кету қаупі төнген сирек кездесетін аңдар мен өсімдіктерді заңсыз аулап пайдалану) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Қ.Бектұрғановтың айтуынша, 2003-жылдың 7 айында басқарманың жедел тобы барлығы 50 рейд жүргізді. Осы мерзімде аң аулау тәртібін бұзу оқиғасы 10 мәрте, орман қорына зиян келтіру оқиғасы 26 мәрте тіркелді. Жалпы шығын көлемі 7 млн. теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар