Жамбыл облысында жалған кәсіпкер 2,6 млрд. теңге қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырды
Жамбыл облысында жалған кәсіпкер әйел 2,6 млрд. теңге қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырды, деп хабарлады облыс прократурасынан. |
Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Халидолла Дәуешовтің хабарлауынша, облыс прокуратурасының қадағалау қызметінің барысында жалған кәсіпкерлік фактілері анықталды.
«Айталық, 2003 жылғы ақпанда кәсіпкер әйел Тараз қаласының салық басқармасында жеке кәсіпкер ретінде тіркелді, алайда тіркеу сәтінен бастап ол кәсіпкерлік қызметпен айналысқан жоқ, - деп түсіндірді прокуратура өкілі. - Дегенмен, салық органының мәліметтері бойынша, 2012 жылы оның атынан 2 миллиард 459 миллион теңгенің есепшот фактурасы қойылып, екінші деңгейлі банктен 200 миллион теңге қолма-қол ақшаға айналдырылған, соның нәтижесінде мемлекетке 400 млн. теңге залал келтірілді».
Бұл факті бойынша, 2012 жылы желтоқсанда облыс прокуратурасы ҚР ҚР 1-бөлімінің 192-бабымен іс қозғап, одан әрі тергеу үшін облыстың қаржы полициясына жіберілді.
Бұдан бұрын басшылары жалған кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған «ClASS - MEDIA» ЖШС-ына қатысты осындай факті анықталды, деп қосты Х.Дәуешев. «ClASS - MEDIA», басшылары бас бостандықтарынан айыру орындарында отырған кезде белгісіз біреулер олардың атынан заңсыз есепшот фактурасын қойып, мемлекетке 107 мииллон теңге залал келтірді», деп түсіндірді облыс прокурорының орынбасары.
Облыс прокуратурасы жалған кәсіпкерлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады және ҚР ҚК 1-бөлімі 192-бабымен қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлады қадағалау органы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін