Жамбыл облысында Жаңа жыл қарсаңында үш жаңа балабақша және екі мектеп пайдалануға берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында Жаңа жыл қарсаңында үш жаңа балабақша және екі мектеп пайдалануға берілді

Жамбыл облысында Жаңа жыл қарсаңында үш жаңа балабақша және екі мектеп пайдалануға берілді

Жамбыл облысында жаңа жылдық мереке қарсаңында үш жаңа балабақша мен екі мектеп пайдалануға берілді, деп облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 3 Қаңтар 2013
  • 476
Фото - Caravan.kz

Жоба құны 431 млн 205 мың теігені құрайтын «Айгөлек» балабақшасы Жаңатаста, жоба құны 424 млн 205 мың теңгені құрайтын «Астана» балабақшасы Қаратауда ашылды. Балабақшалардың әрқайсысы 280 орынды қамтиды және «Балапан» бағдарламасы шеңберінде салынған.

Тағы бір «Астана» деп аталатын үшінші балабақша Шу қаласында ашылды. Бұл нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша «Марк» компаниясы» ЖШС-нің жеке қаражатына салынған.
Мектептер Қордай ауданының Бұлан батып және Жамбыл ауданының Аса ауылдарында ашылған. Екі мектеп те 600 орынға есептелген.
«Мен осы жерлерден жаңа премьер-министрлер мен президент шыққанын тілеймін», — деп облыс әкімі Қанат Бозымбаев жаңа мектепте оқушыларға бата берді.
2013 жылы Жамбыл облысында 26 білім беру нысаны салынбақ, оның он бесі республикалық бюджеттен, он бірі жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.