Жамбыл облысында жасөпірімдер тарапынан жасалған қылмыс саны азайды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында жасөпірімдер тарапынан жасалған қылмыс саны азайды

Жамбыл облысында жасөпірімдер тарапынан жасалған қылмыс саны азайды

Жамбыл облысында жасөпірімдер тарапынан жасалатын қылмыс саны елеулі азайған.

  • 22 Желтоқсан 2012
  • 506
Фото - Caravan.kz

Жұмада «Интерфакс-Қазақстанға» кәмілеттік жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның хатшысы Бақыт Жақсылықованың айтуынша, егер 2011 жылдың 11 айының нәтижелері бойынша аймақта жасөпірімдер тарапынан жасалған қылмыс 34,5% құраса, биылғы жылдың сондай мерзімі кезінде ол 7,7% асқан жоқ.

«Таразда қылмыс санының тіпті 11,8 пайызға төмендегендігі тіркелді», деді ол.
Сонымен қатар Таразда жұмада өткен облыс әкімшілігі жанындағы кәмілеттік жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кеңейтілген отырысында атап өтілгендей, кейбір оқу орындарының директорлары өз оқушыларының құқық бұзушылықтарын жасыруға әрекет етпеген жағдайда, қылмысқа қарсы күрес нәтижелері бұдан да жақсы болар еді.
«Біз үндемей қалуға болмайтын мәселелер бар. Бастысы, заң емес, түсінік бойынша өмір сүретін директорлар. Жақсы көрсеткіш үшін бүгін жас баланың қылмысын жасырдыңыздар делік, ертең ол бұдан да үлкен қылмысқа барады», деді отырыста кәмілеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Ғани Сәдібеков.
Жақсы көрсеткіштерден айырылмау үшін жағдайы аса жақсы емес оқушыларды мектептерден колледждерге ауыстыру жағдайлары байқалған.
«Осы орайда облыстық білім беру басқармасынан оқушылардың ауысуы жағдайларын мұқият бақылауды сұраймын. Бұл біздің балалар, біз олар үшін жауап береміз», деді Ғ.Сәдібеков.