Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен сағат 11:14-те жер сілкінісі тіркелді.
Эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан батысқа қарай 308 км жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.2. MPV магнитудасы 5.3. Эпицентрдің координаттары 42.77° С. Е. 73.18° Ш. Б. тереңдігі 25 км.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Жамбыл облысының Мерке кентінде — 2 балл. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ. Мониторинг жүргізілуде.